Кукушкин Девис кубогында аргентиналықтан басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана өткен Девис кубогының плей-офф ойындарында қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин аргентиналық Диего Шварцманнан басым түсті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан құрама командасының көшбасшысы алғашқы екі партияны - 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Үшінші кезеңде де қазақстандық спортшы өзінің қарсыласынан мықты екендігін көрсетті.

Кукушкиннің бұл жеңісі Қазақстан құрамасына Дэвис кубогының әлемдік тобына өтуге мүмкіндік сыйлады.

Айта кетейік, 15-17 қыркүйек күндері аралығында Астанадағы Ұлттық теннис орталығында Дэвис кубогының әлемдік тобына өту үшін Қазақстан-Аргентина арасында плей-офф матчы өтті.

Соңғы жаңалықтар