Кукушкин АТР рейтингінде төрт саты көтерілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Белгілі болғандай, испаниялық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы атағын сақтап қалған. Екінші орында швейцариялық теннисші Роджер Федерер тұр, ал Аргентина спортшысы Хуан Мартин дель Потро үшінші орында.

Рейтингтің алғашқы жүздігіндегі Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин төрт саты жоғары көтеріліп, 84-ші орынға табан тіреді. Александр Бублик 239-шы орыннан 207-ші орынға жылжып,  ТОП-200-ге енуге жақын қалды.

Соңғы жаңалықтар