Кукушкин ATP рейтингінде жоғарылап, жеке рекордына жақындады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жеке және жұптық сындағы рейтингтің жаңартылған нұсқасын ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын сербиялық Новак Джокович иеленді. Екінші орында – испаниялық Рафаэль Надаль, үшінші орында швейцариялық Роджер Федерер тұр.

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин екі сатыға көтеріліп, 44-орынға жайғасты. Айта кетейік, Михаилдің рекордтық көрсеткіші – 39-орын. Александр Бублик төрт позиция жоғалтып, 75-орынға түсіп қалды.

Ал жұптық сында Кукушкин позициясын жақсартты – 147-ден 144-ке көтерілді. Өткен рейтингте 190-орында болған Тимур Хабибулин 188-ге жоғарылады.

Соңғы жаңалықтар