Құдыққа құлаған қабыланды құтқару сәтінің видеосы жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -Үндістанның Махараштра штатында табиғат қорғау ұйымының қызметкерлері тереңдігі тоғыз метрлік құдыққа құлаған қабыланды құтқару операциясын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ядаввади елді мекенінің тұрғындары су сақтайтын құдыққа құлап кеткен жыртқышты көрген. 

Өздігінен шыға алмаған қабылан әбден әлсіреген. Оқиға орнына келген мамандар жыртқышқа қолдан жасалған сатыларды түсіріп тыныс алуына мүмкіндік жасаған. Артынша арнайы тор әкелініп, құдыққа түсірілді. 

Соңғы жаңалықтар