Құдыққа құлаған астаналық бойжеткен ауруханада жатыр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада беті ашық жатқан құдыққа түсіп кеткен 25 жастағы бойжеткен қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бойжеткеннің қазіргі хал-жағдайын Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына хабарласып сұрап көрдік. Зардап шегуші №2 қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілген.

«Бейінді мамандар тексергеннен кейін сүйектің жабық түрдегі сынуы анықталды. Сол жақ иығының сүйегіне хирургиялық операция жүргізілді. Қазір науқас травматология бөлімінде. Жағдайы тұрақты. Толық көлемде ем алып жатыр», - деген хабар алдық баспасөз қызметінен.

Бұған дейін елордада 25 жасар бойжеткен беті ашық жатқан құдыққа түсіп кеткені туралы хабарлаған едік.

Қалалық ТЖД-ның ақпаратынша, зардап шегушіге көмек көрсету үшін құтқарушылар мен медициналық қызметкерлерінің құдық ішіне түсуіне тура келген.

«Құтқару арқаны және баспалдақтың көмегімен жедел және кәсіби іс-қимыл нәтижесінде, сондай-ақ құтқарушының сүйемелдеуімен 1997 жылы туған қыз құдықтан шығарылды», - дейді департаменттен.


Соңғы жаңалықтар