Күдіктіден жарты миллион теңге пара алған полицейлердің өздері күдікке ілінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы қаласы Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы пара алу күдігіне ілікті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалық полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасымен бірлескен іс-шара жүргізген. Шара барысында Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу бөлімі бастығының міндетін атқарушы мен оған бағынышты тергеуші сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін ұсталған.

«Олар лауазымды тұлға бола отырып, өздерінің қарауындағы ұрлық туралы қылмыстық іс бойынша күдіктіден қылмыстық қудалауды тоқтатқаны үшін 500 000 теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады», - деді агенттік тергеушісі.


Соңғы жаңалықтар