Күдікті ломбардқа пневматикалық қарумен барған - Астана ІІД (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада ломбардты тонамақ болған күдіктінің қолында пневматикалық қару болды. Бұл туралы бүгін оқиға орнында ҚазАқпарат тілшісіне Астана ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова мәлім етті.

«Күдіктіден пневматикалық тапанша тәркіленді. Қазіргі кезде ол баллистикалық сараптамаға жіберілді. Тергеу амалдары жалғасуда, сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 192-ші бабының қарақшылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіледі», - деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Оның сөзіне қарағанда, аталған ломбардта күзетші болмаған, яғни ғимараттың дабыл белгісі қашықтықтан күзет фирмасына қосылған екен.

Бұдан бұрын күдікті 1979 жылғы екендігі хабарланған еді. Соңғы мәліметтер бойынша, ол 1974 жылғы  елорда тұрғыны екені анықталды. Аталған ломбардтың екі қызметкері аман-есен босатылды. Атап айтқанда, келіссөздер жүргізіліп, күдікті полицияға қарсылық көрсеткен жоқ. Жалпы ешкім де зардап шекпеді.

Еске сала кетейік, бүгін Кенесары көшесінде «Спутник»  дүкені ауданында орналасқан М-Ломбардты тонауға әрекет жасалды. Ішке басып кіру кезінде дабыл тетігі іске қосылып, есік автоматты түрде құлыпталып, іште күдікті және екі ломбард қызметкері қамалып қалды.

Сондай-ақ баспасөз қызметі бұл  лаңкестікпен байланысты емес, қатардағы тонау оқиғасы екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар