Күдікті есірткімен және қарумен қолға түсті

None
None
ОРАЛ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Дариян ауылының 33 жасар тұрғыны қолға түсіп, одан үш грамм героин мен шолақ мылтық тәркіленді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, героин мен марихуана әлгінің үйінен де табылды. Бұрын қарақшылығы мен бұзақылығы үшін сотталған ол сондай-ақ қос шолақ мылтық, оқ-дәріні де сақтап келген. Қазір күдіктінің бірнеше ауыр қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар