+7 (701) 759 90 19
USD 405.69 EUR 455.51
RUB 5.72 CNY 57.42
Jańalyqtar

Күдікке ілінген ауыл әкімі жердің құнын 400 мың теңгеге бағалаған

2020 жылғы 28 мамыр 12:31
Бөлісіңіз:
Күдікке ілінген ауыл әкімі жердің құнын 400 мың теңгеге бағалаған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына қарасты Жамбыл ауылдық округінің әкімі пара алу күдігіне ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жолдарды жөндеу бағасын 12,5 млрд теңгеге асырып көрсету фактісінің жолы кесілді 672 млн теңге айыппұл кімге салынды 6 айда аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар 3 есеге  өсті

«Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Келес ауданы Жамбыл ауылдық округінің әкіміне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол жер телімін беру туралы оң шешім қабылдағаны үшін 400 мың теңге мөлшерде пара алу күдігіне ілініп отыр», - деді ол агенттік өткізген онлайн брифинг барысында.

Тергеушінің атап өтуінше, жеделдетілген сот ісін жүргізу өтініші берілуіне байланысты процессуалдық қамауға алу қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда. Күдіктіге қатысты соңғы үкімді оның кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, сот шығарады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Алтынбек Кумарзак
Алтынбек Кумарзак
954-059

MURAǴAT