Күдік туғызған қорапқа бола Алматы-1 вокзалы қоршауға алынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматы-1 вокзалынан күдік туғызған қораптың кесірінен 10 мың адам сыртқа шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тлішісі.

Төтенше жағдай туралы сурет пен видео Instagram паблигінде шықты.

Публикация от @kris_p_almaty official 🇰🇿🚔🔝 (@kris_p_almaty) Янв 13, 2018 at 5:10 PST


Қалалық лаңкестікке қарсы күрес штабының ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, күдік туғызған қорап туралы вокзал кезекшісі хабарлаған.

«Алматы-1 вокзалына барлық шұғыл қызмет ету қызметтері келді. 10 мың адам сыртқа, қауіпсіз жерге шығарылды. Жолда тұрған 4 пойыздың жолаушылары шығарылды. Саперлер жұмысқа тартылды. Қорап кешкі 18:34-те табылды. 19:26-да барлық қызметтер жұмысын тоқтатты.Тексеру кезінде қораптан ештеңе табылмады», - деді Салтанат  Әзірбек.

Оның айтуынша, күдік туғызатын иесіз заттар болса, адамдар лаңкестікке қарсы күрес штабына хабарлауы тиіс.

«Бұған дейін ақпараттық парақшалар таратқан болатынбыз. Азаматтар қырағылық танытқаны өте құптарлық. Себебі бұған дейін түрлі сөмке, рюкзактар тапқан едік», - деді ол.

Алматы-2 вокзалы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілмеді.

Соңғы жаңалықтар