Құдайберген Бексұлтанов: Халқымыздың бірлігін сақтай отырып, бүкіл сынақтан бірге өтеміз

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Кеншілер шаһарының бүкіл депутаттарының атынан Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 11 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысы кезінде айтқан бастамалары мен тапсырмаларына қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаңтардың қаһарлы күндерінде еліміздің басына түскен сын кезеңде Қазақстан халқына маңызды мәлімдеме жасады. Шынтуайтында, бұл ресми жауапты ел күткен еді, деп есептейді Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов.

«Өзінің жарлығымен Мемлекет басшысы азаматтық қоғамды алаңдатқан әлеуметтік дерттерді көрсете отырып, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы өткір мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарын дыбыстады. Қарағанды қаласының өкілетті органының басшысы ретінде маған Қ.К. Тоқаевтың халықтың табысын арттыруға, жұмыссыздықты азайтуға, сонымен қатар бюрократиялық кедергілерді жоюға бағытталған тапсырмалары ерекше әсер етті», - деді Құдайберген Бексұлтанов.

Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қорын құру, сондай-ақ әлеуметтік кодексті қабылдау бастамаларын қолдайтынын жеткізді.

Білім саласында дамудың аса маңызды бағыттары белгіленген, бұл – жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту, техникалық мамандықтарды меңгеру басымдығы, ең бастысы, өскелең ұрпақтың сапалы білім алуы үшін білікті ұстаздар қатарын көбейту.

Осы арада жастарымыздың тәлім-тәрбиесі мен мамандық таңдауында қапы қалмайтын шараларды көздеуіміз аса маңызды, деп есептейді ол.

«Мемлекет басшысы «Біз мемлекет пен халықтың біртұтас екенін нақты түсінуіміз керек» екенін атап өтіп, үкімет мүшелері мен барлық деңгейдегі әкімдерге халықпен бетпе-бет жүздесіп, жұртшылықтың мұң-мұқтажына құлақ асуды тапсырды. Ал біз, барлық деңгейдегі депутаттар, өңір жұртшылығымен қоян-қолтық қызмет атқаруға тиіспіз. Сайлаушы пікірі, оның қалауы – қоғам үні екенін ұмытпағанымыз абзал. «Отан отбасынан басталады» демекші әр азамат бүгінгідей қиын-қыстау кезде алдымен отбасындағы жағдайға мән беріп, өзіне сыни көзқарас танытқаны дұрыс болар. Дәл осы кезде біз Қасым-Жомарт Кемелұлы ұсынған бастамалар мен сенім артқан үкімет құрылымына сәттілік тілей отырып, республика азаматы, мәслихат депутаты ретінде ел Президентінің алға тартқан тың бастамаларына қолдау білдіреміз», - деп қосты ол.

Оның айтуынша, Мемлекет басшысы Қазақстан тәуелсіздік тарихының 30 жылдығында ауқымды дағдарысты басынан өткерді, енді бірлесіп жаңа Қазақстанды құруымыз керек.


Соңғы жаңалықтар