«Құбыр суына коронавирусқа экспресс-тест жасағанда оң нәтиже береді»: Фейк

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – COVID вирусының барын жоққа шығарушылар бұл жолы оны анықтауға арналған тестілерді фикция екенін дәлелдеуге тырысқан. Ғни олар таратқан видеода экспресс-тестіге құбыр суын тамызғанда оң нәтиже шығатыны көрсетілген. Stopfake мәліметінше, бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ПТР-тестілер де жедел тестілер сияқты адамның жұтқыншағының шырышты қабығынан алынған жағынды немесе қан сияқты белгілі бір ортада дұрыс жұмыс істейді. Бұл тест жүйелері арқылы көкөністен, шырын мен газдалған сусыннан COVID-19-ды анықтау мүмкін емес.
Нәтиже дұрыс болмайды, өйткені судың, жемістің, көкөністің, шырын мен газдалған сусынның қышқылдығы адам қанының немесе басқа биологиялық орта қышқылдығынан өзгеше болады.
Жаратылыстану ғылымдарының оқытушысы және Indian Scientists’ Response to COVID-19 тобының мүшесі, доктор Рохини Карандикар Health Analytics Asia басылымына берген сұхбатында құбыр суының COVID-19-ға тест нәтижесінің оң болуына қатысты пікірін білдірді.

Оның айтуынша, «стрип-тест (жедел антиген тесті) антиген-антидененің өзара әрекеттесуі негізінде жұмыс істейді. Жолақтарда вирустық антигендермен байланыстыру үшін арнайы жасалған антиденелер бар. Егер үлгіде белгілі бір вирус болса, онда жолақтағы антиденелер вирустық антигендермен байланысады және реакция 15-30 минуттан кейін өткір түсті жолақ түрінде пайда болады».
Таратылған роликте реакция бір минуттан аз уақыт ішінде болғаны және нәтижені анықтайтын тестідегі жолақ бұлыңғыр екені көрінеді. Бұл тест жүйесінің дұрыс әрекет етпегенінің белгісі. Себебі, ол құбыр суын тестілеуге арналмаған.
Бұған дейін біз мұндай фейктерді жоққа шығарған болатынбыз. COVID-19 анықтайтын тестілердің «сенімсіздігін» дәлелдегісі келген бұған дейін лимон, жидек, Red Bull және Coca Cola-ны сынақтан өткізген еді. Алайда, бұлардың ешқайсысы олардың теориясын растамайды, өйткені талдау жасауға алынған материал әуелден бұлай тексеруге арналмаған.


Соңғы жаңалықтар