Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 369.98 EUR 428.70
RUB 5.64 CNY 53.48
Жаңалықтар

Кубаның жаңа басшысы Мигель Диас-Канель болды

2018 жылғы 19 сәуір 21:06 1531
Бөлісіңіз:
Кубаның жаңа басшысы Мигель Диас-Канель болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып Мигель Диас-Канель сайланды, деп хабарлайды ТАСС.

Ұқсас жаңалықтар
Кельнде адамдарды кепілдікке алды Иракта ауыз судан уланған адамдар саны 110 мыңнан асты

Диас-Канельдің кандидатурасына 604 депутаттың 603-і дауыс берген. Куба конституциясына сәйкес, Мемлекеттік кеңестің төрағасы мемлекет және үкімет басшысы болып саналады және бес жылдық мерзімге сайланады.

Жоғарғы мемлекеттік лауазымға жайғасқан 57 жастағы Диас-Канель, 2008 жылдан бері осы лауазымда отырған 86 жастағы Рауль Кастроның орнын басты. Бұл қызметке басқа кандидаттар қаралмады.

2013 жылдан бастап Диас-Канель Мемлекеттік кеңес төрағасының бірінші орынбасары және Куба министрлер кеңесінің төрағасы, яғни Кубаның билік иерархиясындағы екінші адам болды.

Сонымен қатар, Рауль Кастро, кем дегенде 2021 жылға дейін елдегі жалғыз ресми саяси ұйым - Куба Коммунистік партиясы басшылығында қала береді және сол арқылы шешім қабылдау істеріне ықпалын жүргізе алады.

Мемлекет басшысының қызметінен кеткен Рауль Кастро Гаванадан 1000 шақырым қашықтықтағы аралдың шығысында орналасқан елдегі екінші қала Сантьяго-де-Кубада тұратын болады деген пікірлер бар.

Фото: ТАСС

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Тағайындау, Сайлау,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат