Кубаның ұлттық телеарнасында Димаш Құдайбергеннің әні шырқалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 29 қыркүйек күні қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әні Кубаның ұлттық телеарнасының «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасында қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Dimashnews.com-ға сілтеме жасап.

Қазақстандық әншінің «Olimpico» әні Cubavisión ұлттық телеарнасында «La música, ese placer» («Музыка – бұл ләззат») бөлімін аяқтады.

Алғаш рет «De La Gran Escena» («Ұлы сахнада») бағдарламасы эфирге 1985 жылы шыққан. Онда әр уақыттағы танымал кубалық және әлемдік музыка туындылары көрсетіледі. Бағдарламаны телеарнаның ең белгілі журналистері жүргізеді.

«Біз кубалық Dears-қа алғыс айтамыз! Олар телеарнаға хабарласып, сүйікті әртістерін көрсетуін сұрады. Осының арқасында тағы көп адам Димаштың шығармашылығымен танысады», - деді өздерінің Instagram-аккаунтында әртістің кубалық тыңдармандары.

Ертерек Димаш Құдайбергеннің Қытайға қайтып оралғаны хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар