Кубалықтар жаңа конституция жобасымен танысып жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба азаматтары елдің жаңа конституциясымен танысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Correos de Cuba басылымының жазуынша, 31 шілдеден бастап 32 беттік конституция жобасы сатылымға шықты.

«Адамдар оқып, танысып, осы бойынша өз пікірлерімен бөліскені маңызды. Тек осылай ғана барлығымыз талқылауға қатыса аламыз», - деп мәлімдеді РИА Новости агенттігіне жергілікті профессор Альфредо Гарсия.

Бұдан бұрын шілдеде Куба билігінің Ұлттық ассамблеясы өз отырысында елдің негізгі заңын өзгертетін конституциялық реформаны мақұлдады. Парламент 13 тамыздан 15 қарашаға дейін жаңа конституцияны жалпыхалықтық референдумға шығаруды ұсынған еді.

Кубаның жаңа конституциясында президент лауазымы енгізіледі, оның қызметі он жылдан кейін шектеледі, жекеменшік құқығы келісіледі. Сондай-ақ, Куба мемлекеті қызметінің негізгі қағидаларының бірі - социализмнің құрылысы аталады. Конституция мәтініне алғаш рет гендерлік белгілер бойынша кемсітушілікке тыйым салынатыны енгізілді. 

Соңғы жаңалықтар