Кубада жанып жатқан мұнай қоймасындағы өртке найзағай себеп болған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кубада мұнай қоймасы жарылып, бір тәуліктен аса жанып жатқан болатын. Найзағайдың салдарынан басталған өрт шикі мұнайы бар 8 резервуардың екеуін шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews.com агенттігіне сілтеме жасап.

Кубаның Матансас қаласындағы мұнай қоймасында болған жарылыстар легінен және өрт салдарынан 120-дан астам адам жарақат алды. Қаза тапқандар мен хабар-ошарсыз кеткендер де бар. Өрт сөндірушілер бір тәуліктен астам уақыт бойы отты сөндіруге тырысуда.

Сенбіде Венесуэла үкіметі Кубаға өрт сөндірушілер мен арнайы техника жіберген болатын. Өртке найзағайдың соғуы себеп болып отыр.

Б ұған дейін Кубада мұнай қоймасын өрт шарпығанын жазған болатынбыз.


Видеодан алынған кадр




Соңғы жаңалықтар