Кубада FIHAV-2014 халықаралық көрмесі өз жұмысын аяқтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сенбі күні Кубада FIHAV 32-ші халықаралық жәрмеңкесі өз жұмысын аяқтады. Латын Америкасының ең ірі сауда форумдарының бірі алғаш рет шетелдік инвестицияларға арнап, компанияларға капиталын салу үшін нақты жобаларды ұсынды.
Жәрмеңкеде кубалық тарап капиталды салу үшін «мүмкіндіктер қоржынын» ұсынды. 246 жобаны қамтитын ол 8,7 млрд. долларға бағаланады. Кубада құрылып отырған Мариэль даму аймағы да шетелдік кәсіпорындардың үлкен қызығушылығына ие болды.
Сауда биржасының жұмысы уақытында 20 мың шаршы метрге жуық алаңда экспозициялар орналастырылды. Павильондарға үкіметтік деңгейдегі отызға жуық делегация мен 46 сауда палатасы мен ұйымдардың өкілдері келді. FIHAV 32-ші халықаралық жәрмеңкесіне 60 елден астам елден 4 мыңға жуық экспонент қатысты.
- Коронавирус: Британиялық штамм әлдеқайда қауіпті болуы мүмкін
- Пентагонды алғаш рет афроамерикалық азамат басқарады
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Рио-де-Жанейро коронавирусқа байланысты карнавалдан бас тартты
-
Жапония Олимпиаданың 2032 жылға ауыстырылатынын жоққа шығарды
-
Англиядағы су тасқыны: Екі мыңнан астам үйдің тұрғындары эвакуацияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам