Кубада әуе апатына байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба билігі Гавана маңында Boeing-737 ұшағының құлауына байланысты ұлттық аза тұту күнін жариялады. Бұл жайлы Куба Мемлекеттік кеңесінің мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды ТАСС.

«Жұма күні болған әуе апатына байланысты Мемлекеттік кеңес 19 мамыр, 06:00-ден 21 мамыр 00:00-ге дейін ресми аза тұту күнін жариялайды», - делінген хабарламада. Қаралы күнде бүкіл елдегі мемлекеттік тулар төмен түсіріледі.

Еске сала кетейік, кеше Кубаның Cubana de Aviacion әуе компаниясы Мексиканың Global Air әуе компаниясынан жалға алған Boeing-737 ұшағы ел астанасы Гавана әуежайынан аспанға көтеріліп, бірер минуттан соң апатқа ұшырады. Кубаның Ольгин қаласына рейске аттанған ұшақтың бортында 104 адам болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, олардың барлығы қаза тапқан.

Ұшақ әуежай мен Сантьяго-де-Лас-Вегас елді мекенінің арасында, Гаванадан оңтүстікке қарай шамамен 20 км жерге құлаған.

Фото: ria.ru

Соңғы жаңалықтар