Кубада әскери ұшақ апатқа ұшырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Гаванадан 40 шақырымдай қашықтықта Кубаның әскери-әуе күштерінің ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды La Vanguardia газеті.

Басылымның жазуынша, пилот құлдилап бара жатқан ұшақты елді мекеннен аулақ әкетіп, катапульта жасап үлгерген. Билік әзірге бұл келеңсіз жағдайды растаған жоқ. Бірақ алдын ала деректерге қарағанда, апатқа ұшыраған кеңестер одағы кезінде шығарылған МиГ-23 жойғыш ұшағы болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар