Кубада алапат құйыннан 3 адам қаза тауып, 172 адам зардап шекті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Куба астанасы Гаванада жексенбі күні кешкісін алапат құйын болды. Табиғаттың тосын мінезінен 3 адам қаза тауып, 172 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ел президенті Мигель Диас-Канель Туиттерде Гавананың құйыннан зардап шеккен Регла ауданына барғанын мәлімдеді.

Оның айтуынша, табиғи апат қалаға зор залал келтірген.

«3 адам қаза тапты, жараланғандар - 172. Бірнеше бригада қалпына келтіру жұмыстарын бастап кетті», - деп жазды ол.

Куба астанасының бірнеше ауданы зардап шеккен. Қаланың басым бөлігі жарықсыз қалды.

Әлеуметтік желіде кубалықтар апаттан қираған үйлер мен ғимараттардың суреттерін бөлісіп жатыр.

Жексенбіде Гаванада нөсер жауып, күшті дауыл соққан. Жағалаудағы кей аймақтар су астында қалды. Құйынның жылдамдығы - сағатына 100 км шамасында болған.

null null null

Соңғы жаңалықтар