Куба коронавирусқа шалдығудың алғашқы үш оқиғасын растады

None
None
ГАВАНА. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Куба елде коронавирусқа шалдығудың алғашқы үш оқиғасын растады. Мемлекеттік телеарна ауру белгілері дүйсенбі күні Гавана әуежайына ұшып қонған төрт итальяндық туристен анықталғанын хабарлады. Бұдан кейін олар елдің оңтүстігіндегі Тринидад қаласына жол жүрген. Келесі күні барлығы ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters-ке сілтеме жасап.

Ауруханада үш туристен алынған сынамалар коронавирустың оң нәтижесін бергенін растады.

Соңғы 10 күнде Куба жұмыс орындары, қоғамдық жерлерде жиналыс өткізіп, сондай-ақ мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдарының көмегімен инфекцияның таралуына қарсы науқан жүргізген.

26 ақпан күні Бразилияда бұл ауруға шалдығудың бірінші оқиғасы анықталғаннан бері Латын Америкасында 100-ге жуық коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелгені атап өтіледі.


Соңғы жаңалықтар