+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Гаити тұрғындарына тағы да қауіп төнді

2021 жылғы 16 тамыз 07:25
Бөлісіңіз:
Қуатты жер сілкінісінен зардап шеккен Гаити тұрғындарына тағы да қауіп төнді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сенбі күні Гаитиде болған жер сілкінен құрбан болғандар саны күрт артты. Құтқарушылар келтірген соңғы деректерге қарағанда, зілзала салдарынан 1300 адам құрбан болып, 6 мыңға жуық адам түрлі дәрежеде жарақат алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC-дің орысше жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Пальмада кратер қабырғасы құлады Жапониядағы жер сілкінісі: зардап шеккендер саны 52-ге жетті Жапонияда болған жер сілкінісінен 19 адам зардап шекті

Жексенбі күні Гаитидің құтқару қызметі соңғы деректер бойынша жер сілкінісінен елде 1297 адамның қаза тапқанын хабарлады. 6 мыңнан астам түрлі дәрежеде жарақат алған. Гаитидің құтқару қызметінің басшысы Джерри Чандлер өңірдегі ауруханалар жарақат алған адамдарға толы екенін хабарлады. CNN телеарнасы ауруханада орын жетіспеушілігі салдарынан медицина мамандарына далаға шатыр құруға тура келгенін хабарлады.

«Қазіргі басты мәселе - медициналық қажеттіліктермен қамтамасыз ету. Біз жер сілкінісінен зардап шеккендер жатқан ауруханалардың қызметкерлеріне дәрі-дәрмек жіберіп жатырмыз. Шұғыл көмекті қажет ететін адамдарды эвакуацияладық. Адамдарды эвакуациялау бүгін де ертең де жалғасады»,- деді баспасөз мәслихатында Гаитидің Премьер-Министрі Ариэль Анри.

Зілзаланың ошағы Пти-Тру-де-Нипп қаласынан шамамен 8 км қашықтықта болған, жер сілкінісінің магнитудасы 7,2. Зілзаланың дүмпуі Гаитидің адамдар тығыз қоныстанған астанасы Порт-о-Пренсе (125 қашықтықта) мен көршілес елдерде де сезілген.

Қазір өңірде жер дүмпулері қайтаналуда. Олардың ең қуаттыларының бірі сенбі күні кешкісін болды.

АҚШ-тың геологиялық қазметінің деректерінше, жер дүмпуінің қуаты 5,8 балл болған. Оның салдарынан қаншалықты шығын келгені әзірге белгісіз.

Премьер Анри апат болған аймақты тікұшақпен шолып шығып, аймақта 1 айға төтенше жағдай жариялады.

Жер сілгінген аймақта құтқару жұмыстарына тағы бір қауіп кедергі келтіруі мүмкін.

Метеорологтардың хабарлауынша, Гаити «Грейс» дауылының траекториясында тұр, сол себепті дүйсенбі немесе сейсенбі күндері бұл аймақта өте мол көлемде нөсер жауын жауып, су тасып, көшкін жүруі мүмкін.

Осыған дейін Гаитиде жер сілкінісінен 29 адамның қаза тапқаны хабарланды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT