Қуат Хамитов украиналық қарсыласын бірінші раундта буындыру әдісімен жеңді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақастандық ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (22-6-2) Атырауда аралас жекпе-жектен өткен Mergen Fighting Championship 1 турнирінде көрермендердің ерекше назарын аударған спортшылардың бірі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайына сілтеме жасап.

Хамиттің қарсыласы украиналық файтер Роман Головинов (10-4) болды. Орта салмақтағы жекпе-жек 3 раундтан тұратын. Қуат Хамитов қарсыласын буындыру әдісімен жеңді.

Осылайша, Қуат Хамитов өзінің ММА бойынша кәсіби карьерасындағы 23-ші жеңісіне қол жеткізіп, MFC промоушенінің чемпиондық белдігін жеңіп алды. Ал Роман Головин 5-ші рет жеңіліс тапты.

Айта кетейік, бұл Қуат Хамитовтың 2021 жылы өткізген екінші жекпе-жегі. Осыған дейін ол қаңтар айында кездесу өткізіп, ресейлік жекпе-жек шебері Максим Пантелеевті (0-1) 49 секундта нокаутқа түсірген болатын.


Соңғы жаңалықтар