Қуат Хамитов Сочиде өткен басты айқасында жеңіліп қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық файтер Қуат Хамитов (23-6-2) Сочиде өткен аралас жекпе-жек бойынша AMC Fight Nights турнирінің басты айқасында өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Хамитов ресейлік боксшы Мариф Пираевпен (29-4-1) айқасты. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек үш раундқа созылып, төрешілердің бірауыз шешімімен Пираевтың жеңісімен аяқталды – 30-27, 29-28, 30-27.

Осылайша, Мираф Пираев өзінің кәсіби мансабындағы он үшінші жеңісіне жетті, бұл – Қуат Хамитовтың ММА-дегі жетінші жеңілісі. Қазақстандық үшін бұл осы жылғы үшінші айқасы.

Бұған дейін Хамитов қаңтарда ресейлік Максим Пантелеевті (0-1) нокаутқа жіберген, одан кейін маусым айында украиналық Роман Головиновты (10-5) жеңген болатын.


Соңғы жаңалықтар