Қуат Хамитов Өзбекстан файтерімен жұдырықтасады

None
Фото: sports.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Найман» лақап атымен танылған қазақстандық жекпе-жек шебері Қуат Хамитов бүгін кәсіпқой карьерасындағы кезекті айқасын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық Mergen FC промоушен ұйымдастыратын жекпе-жек кешінде Хамитов өзбекстандық файтер Бобур Абдулазизовпен (12-9) жұдырықтасады.

MFC 4 аясындағы айқас Атырау қаласында өтеді. Турнир Астана уақытымен 20:00-де басталады.
Айта кетейік, қазақстандық файтер бұл жекпе-жек кешінде ресейлік спортшы Акоп Степанянмен кездесуі тиіс еді. Алайда ол банк шотының бұғатталуына байланысты Қазақстанға ұшып келе алмады.


Соңғы жаңалықтар