Қуат Хамитов Мәскеуде кезекті жекпе-жегін өткізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі Мәскеуде өтетін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы спортшы Инстаграм парақшасында жазды.

«70,3 келі салмақта FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпионының вакантты белдігі үшін айқас өтеді. Қарсыласым - Нариман Аббасов (23-3)», - деп жазды спортшы өз парақшасында.

Отандасымыздың әзербайжандық спортшыға қарсы жекпе-жегі 26 сәуірде Мәскеуде өтеді.

Айта кетсек, Қуат бір жылдан бері ешкіммен кездескен жоқ. Ол соңғы жекпе-жегін 2017 жылы ирландық Питер Куиллимен (10-4-1) өткізген еді. Ол жолы төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткен болатын. Бірақ Кулиллидің командасы апелляцияға беріп, тәуелсіз комиссия ұпай санын қайта есептеп, айқасты тең өтті, деп өзгертті.

Соңғы жаңалықтар