Қуат Хамитов Макгрегормен бірге жаттығатын спортшыдан басым түсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматыда Fight Nights Global 80 аралас жекпе-жек кеші аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz .

Жекпе-жек кешінің басты айқасы қазақстандық Қуат Хамитов (18-6) пен ирландтық Питер Куилли (10-4) арасында өтті. Ирландтық UFC чемпионы Конор Макгрегормен бір клубта жаттығады.

Жеңіл салмақ дәрежесінде бес раундқа созылған айқаста Қуат Хамитов төрешілердің басым дауысымен жеңіске жетті.

Бұл - Қуаттың кәсіпқой спорттағы 19-шы жеңісі. Ал, Куилли осымен бесінші мәрте жеңіліс тауып отыр.

Соңғы жаңалықтар