15:41, 09 Қазан 2022 | GMT +6
Қуат Хамитов чемпиондық титул үшін жекпе-жек өткізеді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов өзінің келесі айқасы туралы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ресми түрде! 28 қазанда TOP Fight чемпионы атағы үшін титулдық жекпе-жек өтеді», - деп жазды қазақстандық спортшы өзінің Instagram-парақшасында.
«Найман» лақап атымен танымал Қуат Хамитовтің Мәскеуде өтетін жекпе-жегіндегі қарсыласы армян файтері Давид Хачатрян болмақ.
Еске салайық, Қуат Хамитов мұның алдындағы жекпе-жегін 10 қыркүйек күні Атыраудағы Mergen Fighting Championship 3 турнирінде өткізген еді. Ол ресейлік Василий Бабинцевті бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Фото: sports.kz