Қуат Хамитов чемпиондық атақ үшін болған жекпе-жекте жеңіліс тапты

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиндық белбеуге үміткер жеңіл салмақтағы (70.3 кг) Қуат Хамитов өзінің Магомедсайгид Алибековпен FIGHT NIGHTS GLOBAL турниріндегі айқаста жеңіліс тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бес раундтық жекпе-жек өте жақын болғанын айта кету керек. Бірақ төрешілердің шешімімен жеңіс Магомедсайгид Алибековке бұйырды. Чемпиондық атақ та Алибековтің еншісінде қалды.

«Бірінші және екінші раундтар тең жағдайда өтті, үшінші раундта қарсыласым мықтырақ көрінді, дегенмен соңғы екі раундты мен жеңдім деп ойлаймын. Төрешілер бірақ басқаша шешті, олар жекпе-жекті жақсы көрген шығар. Дегенмен қарсыласымды осы жеңіспен құттықтаймын. Мен әр жеңісімді өз еліме арнайтын едім, бұл жолы олай болмады. Кездесуде мен белсендірек болдым, дөп тиген соққыларым да басым еді, бірақ төрешілер осылай деп шешім шығарды. Жанкүйерлер мен көрермендерге рахмет!», - деп атап өтті Қуат Хамитов жекпе-жектен соң берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар