+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Қуат Борашев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетіне төраға болды

2021 жылғы 9 маусым 10:11
Бөлісіңіз:
Қуат Борашев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитетіне төраға болды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы болып Борашев Қуат Қахарманұлы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister сайтына сілтеме жасап.

Қуат Борашев 1972 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін тәмамдаған. Мамандығы бойынша біліктілігі — журналист.

Еңбек жолын 1993 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясының редакторы қызметінен бастаған.

1994 жылғы мамыр-қазан айлары аралығында «Қазақстан телевизиясы мен радиосы» республикалық корпорациясының репортеры болды.

1994-1995 жылдары — орта мектеп мұғалімі.

1995-1997 жылдары — «Райхан-ТВ» телекомпаниясының дикторы.

1997 жылғы шілде-қыркүйек айлары аралығында — «Тараз-ТВ» қалалық телеарнасының редакторы.

1997-2000 жылдары — «Ақнұр» және «Азан» топтарының редакторы, жетекшісі, «Жамбыл облыстық телерадиокомпаниясы» ЖАҚ комментаторы.

2000-2003 жылдары — «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ бас маманы.

2003-2005 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі.

2005 жылғы ақпан-маусым аралығында — «ҚР Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлімінің меңгерушісі.

2005-2006 жылдары — «Қазақстан Республикасы Президентінің ТРК» ҰАҚ бөлім меңгерушісі.

2006 жылғы наурыз-тамыз аралығында — ҚР Президенті Баспасөз қызметінің бас сарапшысы.

2006-2007 жылдары — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің шолушысы.

2007-2012 жылдары — ҚР Президенті Әкімшілігінде түрлі қызметтер атқарған.

2012-2013 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті төрағасының орынбасары.

2013-2017 жылдары — ҚР Мемлекеттік хатшысы Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары. 2017 жылдың маусым-қараша аралығында — «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторы.

2017-2019 жылдары — ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін — ҚР Мемлекеттік хатшысы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT