+7 (701) 759 90 19
USD 376.51 EUR 418.91
RUB 6.13 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауыты қашан ашылатынын айтты

2019 жылғы 22 қараша 19:16
Бөлісіңіз:
Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауыты қашан ашылатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Қызылордадағы шыны зауытының ашылу мерзімін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысының әкімі бір күнде 13 ауылдың тұрғындарымен кездесті Ақмола облысының әкімі өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен танысты Нұр-Сұлтанда аудан әкімдеріне қойылатын сауалдар үшін арнайы жәшіктер орнатылды

«Шыны зауыты бүгінгі таңда жұмыс істеп тұр. Мердігер компаниялар келесі жылдың наурызында алғашқы пешті іске қосып, арада тағы үш ай өткеннен кейін Астана күнінде (6 шілдеде) алғашқы сынақ ретіндегі қазақстандық әйнекті дайындайды. Әзірге шешілмеген бірқатар сұрақ бар. Шыны зауыты бойынша жергілікті атқарушы органның өз міндеттемесі барын айта кеткім келеді. Ол – инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жүргізіп, теміржол желісін жеткізіп беру», - деді Қуанышбек Ысқақов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Әкімнің айтуына қарағанда, теміржол желісін тарту жұмысы – осы жылдың желтоқсан айының ортасында аяқталады.

«Біз сонымен қатар, Қызылорда облысының индустриалық картасын әзірледік. Оның атауы – «Қызылорда облысының индустриялық мүмкіндіктері», - деді Қуанышбек Ысқақов.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың мамырында Қызылорда облысындағы жұмыс сапарында өңір жұртшылығымен кездескен кезде шыны зауытының құрылысын аяқтауды тапсырған болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT