+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Қуанышбек Ысқақов Байқоңырда туризмді дамыту жолдарын атады

2019 жылғы 22 қараша 18:41
Бөлісіңіз:
Қуанышбек Ысқақов Байқоңырда туризмді дамыту жолдарын атады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласында туризмді дамыту жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
700 маңғыстаулықтың 5 жұлдызды қонақүйде жұмыс істеуге мүмкіндігі бар СҚО тұрғыны қырғауыл өсіріп, аңшылық туризмді дамытпақ OneWeb спутнигі 2020 жылдың басында Байқоңырдан ұшырылады

Облыс басшысы Байқоңыр кешені мен қаланың өзінде еркін экономикалық аймақ құру жұмысы жүргізіліп жатқанын айтып берді.

«Біз Байқоңырға қатысты еркін экономикалық аймақ тұжырымдамасын әзірлеп қойдық. Еркін экономикалық аймақтың басты бағыттарының бірі – туризмді дамыту. Біздің республиканың туристік карталарының ондығына кіретін туристік-сауықтыру аумағы бар. Өздеріңіз білетіндей, Байқоңыр жабық қала. Онда туризм дамымаған», - деді Қызылорда облысының әкімі ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Қуанышбек Ысқақов ол жерде еркін экономикалық аймақ құрылып жатқаннан кейін басты талаптардың бірі – халықаралық туризмді дамыту болатынын айтып өтті.

«Менің ойымша, ол жерде туризмді дамыту үшін жайлы жағдай жасалады. Жаңа нысандар бой көтеріп, халықаралық стандарттарға сай келетін жаңа қонақ үйлер, музейлер мен павильондар, ғарыш зымырандарын бақылауға болатын алаңдар салынады», - деді әкім.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT