Қуанышбек Есекеев 5G технологиясын тестілеу проблемаларын атады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда 5G технологиясын тестілеу барысында бірқатар проблема анықталды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы Қуанышбек Есекеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстанда 5G технологиясын тестілеу барысында мынадай проблемалар анықталды. Біріншіден, қазіргі уақытта 5G желілері үшін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында 3,5ГГц диапазонында ені 100МГц бос тұтас спектр жоқ. Реттеуші байланыс операторларымен және ҚР Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, 5G желілері үшін Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында 3,5ГГц диапазонында ені 100МГц кем емес тұтас спектрді босату жұмысын жүргізу қажет», - деді ол.

Екіншіден, оның айтуынша, операторларды ынталандыру мақсатында 5G бойынша радиожиілік спекторы (РЖС) үшін жыл сайынғы төлемнің мөлшерлемесін қайта қарау керек. РЖС үшін қазіргі мөлшерлеме кезінде операторға 5G бойынша 100 МГц РЖС-ке жыл сайын қосымша 9,8 млрд теңге төлеу қажет. 2020-2024 жылдарға 0 теңге деңгейінде 5G бойынша РЖС үшін жыл сайынғы төлем бойынша мөлшерлемені бекіту керек.

«Үшіншіден., операторларды ынталандыру мақсатында 5G бойынша РЖС үшін біржолғы мөлшерлемені қайта қарау керек. Жиіліктерді бөлу ведомствоаралық комиссияның (ЖБВК) ағымдағы тәсілі кезінде оператор 5G бойынша 100 МГц РЖС үшін шамамен 200 млрд теңге төлеу керек болады. 0 теңгеге 5G үшін 100 МГц РЖС беру жайын ЖБВК-мен пысықтау қажет. Төртіншіден, операторлар реттеушімен бірлесіп, 5G бірыңғай инфрақұрылымдық оператордың амал-тәсілдерін қарастыруы тиіс. Өйткені 5G үшін жиіліктер шектеулі және 5G желілері үшін капиталды қажет ететін инфрақұрылым қажет», - деді Қ.Есекеев.

Соңғы жаңалықтар