Қуаныш Сүлейменов Абай облыстық мәслихатының төрағасы қызметіне сайланды

None
Фото: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық мәслихатының төрағасы болып Қуаныш Сүлейменов сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір Семей қаласында VIII сайланған Абай облыстық мәслихатының алғашқы сессиясының отырысы өтіп жатыр. Оған Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Наталия Фесенко, аймақ басшысының орынбасарлары, басқарма басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, жаңадан сайланған облыстық мәслихат депутаттары қатысуда.


Сессия барысында депутаттар облыстық мәслихат хатшысын сайлады. Олардың шешімімен хатшылық қызметті Қуаныш Сүлейменов атқарады.

Қуаныш Серқазыұлы 1973 жылы бұрынғы Семей облысының Шар қаласында туған. Семей мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірді. Оқуын Қазақ мемлекеттік заңгерлік академияда, Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетте «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша жалғастырып, ауылшаруашылық ғылымдарының магистрі атанған. «Шалабай» ЖШС бас директоры қызметін атқарды. VII сайланған Абай облыстық мәслихатының хатшысы болған.


Соңғы жаңалықтар