Қуандық Бишімбаев Ленгір қаласындағы түрмеге жіберуді өзі сұраған

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Экс-министр Қуандық Бишімбаев жаза мерзімін өтеу үшін Түркістан облысындағы Ленгір қаласындағы түрмеге жіберуді өзі сұраған. Аталған түрмеде ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталғандар отырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Ғалымжан Хасеновтың айтуынша, экс-министр өтініш жазып, Ленгер қаласындағы түрмеге жіберуді сұрады. Аталған мәселе Қылмыстық атқару кодексінің 88-бабында көрсетілген. Оған сәйкес, сотталған азамат әлеуметтік пайдалы қарым-қатынасты ұстаймын деп, нақты бір түрмеге жіберуді сұрай алады. Қ.Бишімбаев тура сондай өтініш жазып, Ленгер жақта туған-туыстарының тұратынын көрсеткен.

«Осыған байланысты сотталған Бишімбаев 5 шілдеден бастап Түркістан облысы Ленгір қаласындағы ИЧ 167/9 мекемесінде өз жазасын өтеп жүр. Ол - қатаң режимдегі колония. Шамамен, 500 адамға арналған. Ондай түрмеге ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алғаш рет сотталғандарды жібереді», - деді Ғ.Хасенов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі кезде ол колонияда 400-ден астам адам отыр.

 «Қуандық Бишімбаевқа ешқандай жеңілдік жасалмайды. Бір орынды камера да болмайды. Ол барлық сотталғандармен бірге жатады», - деп атап көрсетті комитеттің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сотта 23 адам  жауап берді. Олар Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысына арналған 1 млрд теңгені қолды қылған. Бишімбаев бір емес, бірнеше рет пара алды. Сол үшін 10 жылға сотталды. 

Соңғы жаңалықтар