Қуандық Бишімбаев қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросы бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бишімбаев топтармен алдын ала келісіп, бірнеше рет ірі көлемде пара алғаны үшін тұтқындалды. Заңсыз түрде алынған ақшалай қаражатты ол өз қажетіне жұмсаған.

Бишімбаев ҚР ҚПК 128-бабына сәйкес, Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жалғасуда. 

Соңғы жаңалықтар