Куала-Лумпурда Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесінің кеңсесі ашылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Малайзиядағы Елшілігінің қолдауымен Куала-Лумпурда Қазақстан-Малайзия Іскерлік кеңесі кеңсесінің ресми ашылуы өтті. Іс-шараға екі елдің мемлекеттік органдарының, даму институттарының, ұлттық және жеке компаниялардың басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Кеңес мүшелері Қазақстан мен Малайзияның іскерлік мүмкіндіктері туралы өз тәжірибелерімен бөлісіп, бизнеске қолдау көрсету, инвестицияларды қорғау және отандық және шетелдік компаниялар үшін тең жағдайларды қамтамасыз ету үшін қаржы құралдарын жетілдіруге бағытталған Қазақстанның саясатына ерекше назар аударды.

Малайзиядағы Қазақстан Елшісі Болта Иманбаев іс-шара қатысушыларын қарсы ала отырып Куала-Лумпур Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азиядағы негізгі сауда әріптесі екенін атап өтті. 2018 жылдың қорытындысы бойынша, қос мемлекет арасындағы сауда саттық 4 есе өсіп 500 млн. АҚШ долл. шамасын құраған. Сондай-ақ, қазіргі таңда, Қазақстанда малайзиялық компаниялармен және инвесторлармен бірлестікте мұнай-газ, ауылшаруашылық және құрылыс салаларында жалпы құны 1 млрд. АҚШ долл. тең жобалар жүзеге асырылып жатқаны туралы хабардар етті

null .

Сонымен қатар, Б.Иманбаев Қазақстан тарапы исламдық қаржыландыру, халал индустрия, электрондық коммерция, туризм, денсаулық сақтау, ақпараттық қауіпсіздік тәрізді басым бағыттар бойынша екіжақты әріптестікті нығайтуға мүдделі екендігін жеткізді.

Сонымен қатар, ҚМІК-нің тең төрағалары Датук Лу Джи мен Дато Берікқазы Сексенбаев исламдық қаржыландыру, халал индустрия, электронды коммерция, туризм, денсаулық сақтау, ақпараттық қауіпсіздік сияқты перспективалы бағыттар бойынша екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық танытты. Олардың пікірінше, Іскерлік кеңес екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың кешенінді сұхбат жүргізетін және екі елдің іскер топтары арасындағы байланыстарды жандандыратын тиімді алаң болып табылады.

ҚМІК мүшелерінің жұмыс кездесуі аяқталғаннан кейін екі елдің іскер топтары инвестициялық және сауда-экономикалық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға уағдаласты.

null null

Соңғы жаңалықтар