«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ филиалының басшылығы пара алып, сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда «ҚТЖ – Жүк тасымалы» филиалының басшылығы пара алып, сотталды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша филиалы «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» АҚ Қостанай облысындағы филиалының директоры Б.Қайдаровқа, орынбасары Н.Құрманалиновке және Қостанай стансасы бастығының орынбасары А.Алматовқа қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматов, Құрманалинов және Қайдаров бір топ болып вагондарды теміржолдың тұйықталған басына жеткізу үшін заңды және жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен жүйелі негізде пара алған. 20 тамыз күні Қостанай қаласы №2 соты Қайдаровты 6 жылға, Алматов пен Құрманалиновті 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Олар жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтейтін болады», - делінген хабарламада.

Ведомствода мәлім еткендей, сотталушылар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Соңғы жаңалықтар