ҚТЖ жолаушыларды заңсыз тасымалдаған 110 қызметкерді жұмыстан шығарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Делдалдық жасағаны және адамдарды заңсыз тасымалдағаны үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ 110 қызметкері жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жеке пайдасы үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыратын делдалдар, үшінші тұлғалар мәселесі баяғыдан бар. Өкінішке қарай, тасымалдаушының делдалдармен күресуге заңды құқығы жоқ. Сол үшін заңнамалық базаға өзгерістер енгізіледі. Енді бұл делдалдар әкімшілік айыппұлмен ғана құтылмайды, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мәселен, Германияда делдалдық әрекетін қайталаған адамға қылмыстық жаза көзделген», - деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қызмет көрсету және клиенттермен жұмыс департаментінің директоры Әлібек Сұлтанов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюрода өткен брифингте.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа «нөлдік төзімділік» ұстанымын «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2018 жылдың сәуір айында енгізген.

«Мұндай заңсыздықтарға жол берген қызметкерлерге қатаң шара қоданамыз. Ең қатаң шара - жұмыстан шығару. Әзірге 110 адам жұмыстан босатылды. Олардың арасында 17 пойыз басшысы мен 90 жолсерік бар. Ірі кадрлық өзгерістер болды, тіпті кейбір жауапты тұлғалар жолаушыларға қызмет көрсетумен байланысты жұмысқа ауысып, тәртіптік жазаға тартылды», - деп түсіндірді ол.

Соңғы жаңалықтар