ҚТЖ жазғы маусымға жаңа пойыздар қатынасы ашылғанын хабарлады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаз маусымы қарсаңында Алакөл жағалауындағы балалар демалыс лагерлерінің ашылуына орай және жолаушыларға қолайлы жағдай жасау үшін 2015 жылдың 12 маусымынан бастап № 451/452 «Алматы-2-Достық» бағыты бойынша жүретін жаңа пойыз қатынасы ашылды.

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. Поезд аптасына үш рет қатынайды және бес купе вагон мен бір СВ вагоннан тұрады.

Бұдан бөлек, 2015 жылдың 2 маусымынан бастап № 483/484 «Астана-Адлер» жолаушылар пойызы қатынайтын болды. Аталған пойыздың құрамында «Павлодар-Адлер», «Қарағанды-Адлер» және «Қостанай-Адлер» бағыттары бойынша жүретін вагондарды тіркеу көзделген.

Соңғы жаңалықтар