ҚТЖ және AD Ports Group логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы логистика саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша Abu Dhabi Ports Group өкілдерімен кездесу өткізді.

Тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту, Каспий теңізіндегі порт инфрақұрылымын кеңейту, Астана, Ақтөбе мен Алматыда сауда хабтарын құру шеңберіндегі ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Солтүстік – Оңтүстік бағытының транзиттік әлеуетін және Абу-Даби порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндігі қаралды.

«AD Pоrts Group порттардың, экономикалық аймақтардың, теңіз, логистикалық және цифрлық бизнестің интеграцияланған инвестициялық портфелін ұсынады»,-делінген «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар