ҚТЖ вагондардан ақауы бар бүйір рамаларын алып тастауды ұсынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат  - «ҚТЖ» ҰК» АҚ әкімшілігі жүк вагондарын рельстен шығып кетуден сақтау үшін дәл осындай ұсыныс білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі компаияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы «Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік ережелерін бекіту жөніндегі» бұйрығының ережелеріне сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2009 жылы «Азовэлектросталь» зауыттары  жасап шығарған бүйір рамаларды қолданыстан алып тастау туралы ұсыныс білдірді», делінген тараған ақпарат көздерінде.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінде мәлім еткендей, аталмыш ойды жүзеге асыруда заңды тұрғыдан кедергілер туындауы мүмкін.

«Жеке операторлар бұл құралдарды әлі күнге пайдалануда. Уәкілетті орган өкім шығармағандықтан, «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ жеке операторларға бұл бүйір рамаларды қоюға тыйым сала алмайды», - деді компаниядағылар.

Мекеменің баспасөз қызметінде 31 шілде күні жүк вагондарының рельстен шығып кетуі салдарынан туындаған шығынның барлығын кінәлі тарап заңды тәртіпте өтейтінін жеткізді.

Еске сала кетсек, Сарышаған стансасында жүк пойызының вагондары (Қашқантеңіз-Жастар аралығындағы Мойынты-Шығанақ бөлігінде келе жатқан №2009 пойыз) рельстен шығып кетіп, бес жолаушы пойызының қозғалысы тоқтатылған еді. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеді.

Вагондардың рельстен шығып кетуіне «Исткомтранс» ЖШС-на тиесілі 28-вагонындағы бүйір рамасының сынып кетуі себеп болған.

Заңға сәйкес, барлық келтірілген шығынды жүк вагонының иесі өтейді. Сондай-ақ, апат салдарынан уақытша тоқтатылған 5 пойыздың жолаушыларына өтемақы төленеді.

Соңғы жаңалықтар