«ҚТЖ» темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігі жүйесін қайта қарастырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 7-8 қыркүйегінде Ақтөбеде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша семинар-отырыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отырысқа барлық өңірлік теміржол бөлімшелерінің қозғалыс қауіпсіздігі қызметінің басшылары, сонымен қатар саланың ардагерлері қатысты. Жиында «ҚТЖ» ҰК»АҚ басқарма төрағасының қозғалыс қауіпсіздігі бойынша орынбасары Марат Шакенов сөз сөйледі.

М.Шакенов «Компанияның директорлар кеңесіне қозғалыс қауіпсіздігін басқару жүйесінің жаңа құрылымы бекітілгенін» хабарлай келе қозғалыс қауіпсіздігін жоғарыдан төмен қарай басқаруды жетілдіру бойынша шаралар туралы ақпарат берді.

Департамент алдына ерекше бақылауды жүзеге асыру, факторлық талдау жүргізу есебімен қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың алдын алу, тарихи деректер есебінен тәуекелдерді басқару, барлық себептерді анықтай отыра қызметтік егжей-тегжейлі зерттеу жүргізу міндеттері қойылды.

«Ревизорлық қызметтер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында заңнама, ережелер, тәртіп, стандарттар талаптарын сақтау бойынша бақылауға ерекше назар аударулары керек», - дейді М. Шакенов және ол алдағы уақытта қозғалыс қауіпсіздігін нығайту шаралары қатарында «нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету, менеджмент жүйесіне бақылау, барлық деңгейдегі басшылардың жеке қатысу нормативіне міндетті талаптар қоюды» қажеттігін айтты.

М. Шакенов компанияның қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттерге тоқталды. Бұл көлік инфрақұрылымын дамыту, инновациялық технологияларды енгізу, өндірістік саланы жақсарту, персоналдың біліктілігін арттыру.

Міндеттерді жүзеге асыру мақсатында тәуекелдерді басқару тетіктері, нәтижелілік пен тиімділік болжамдарын қолдана отырып шаралар жасалды.

«Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты факторы болып технологиялық үдерістерді, нормативтік-техникалық құжаттар, еңбек тәртібі, жұмысшылардың жоғары кәсібилік деңгейі талаптарын ұдайы сақтау табылады»,-деп атап өтті М. Шакенов.

Отырыста сөз алған сала ардагерлері темір жолдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу жолдарына қатысты өз пікірлерін білдіріп, жол шаруашылығы жұмыстарын жақсарту, техникалық және технологиялық талаптарды сақтау, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстарын айтты.

Семинар-отырыстың қатысушылары Ақтөбе рельс арқалық зауытына барып, онда теміржол өнімдерін шығару бойынша өндірістік желілермен танысты.

Соңғы жаңалықтар