ҚТЖ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ шаттл-пойыздармен Қытайдан Түркияға гуманитарлық жүк жеткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) бойынша Қазақстан арқылы Қытайдан Түркияға шаттл-пойыздармен гуманитарлық жүк тиелген 200 контейнер жеткізіледі. Қазақстан арқылы жедел жеткізу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ұйымдастырылды. Қазақстан аумағы бойынша пойыз рекордтық қысқа мерзімде – 90 сағатта жүріп өтеді», - делінген мәліметте.


ҚТЖ ақпаратына сүйенсек, бірінші пойызда салмағы 40 футтық 50 контейнер бар. Контейнерлерге жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарды уақытша орналастыруға арналған шатырлар тиелген.

«Тағы 150 контейнер жөнелтіледі деп жоспарлануда. «KTZ Express» АҚ шаттл-пойыздардың операторы болып табылады», - делінген компания хабарламасында.

Айта кетейік, шаттл-сервистің пайда болуымен ҚХР-дан Грузия порттарына дейін жүктерді жеткізу мерзімі үш есеге – 18 тәулікке дейін, Түркия порттарына – 25 тәулікке дейін қысқарды. Қазақстан территориясында жүк Каспий теңізіне (Ақтау порты) дейін жеткізіледі, одан әрі Әзербайжан, Грузия, Түркияның Мерсин қаласына дейін жөнелтіледі.

Бұл тасымалдауды ТХКБ маршрутына қатысушы тараптар Түркияға гуманитарлық көмек көрсету шеңберінде өтеусіз негізде жүзеге асырып отыр.


Соңғы жаңалықтар