ҚТЖ өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы кеңейтілген отырыста өткен жылдың қорытындысын шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пайдаланылған жүк айналымы 239 млрд т-км неттоға жетсе, бұл - тәуелсіздіктің бүкіл жылдарындағы ең жоғары тарихи көрсеткіш.

Жыл қорытындысы бойынша компания пайда тапты. Қазақстан арқылы өтетін контейнерлер транзиті бір миллион ЖФЭ асты.

«ҚТЖ» ҰК« АҚ желісінде 1000 шақырымнан астам темір жол жаңартылды. Оның 582 шақырымы күрделі жөндеуден өтті.

Қозғалыс және еңбек қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өткен жылы орташа айлық жалақы өсімі 22% құрады, компания қызметкерлерінің жалақысы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап өсті.


Соңғы жаңалықтар