ҚТЖ: Көмір теміржол арқылы тұтынушыларға үздіксіз жеткізіліп жатыр
2022 жылғы 12 қаңтар 16:42

ҚТЖ: Көмір теміржол арқылы тұтынушыларға үздіксіз жеткізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тас көмір теміржол арқылы тұтынушыларға үздіксіз жеткізіліп жатыр. «Қазақстан темір жолы» компаниясы осылай мәлімдеді деп, хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұлттық компанияның мәліметінше, қазіргі уақытта темір жол арқылы әлеуметтік маңызы бар жүк-тас көмірді тасымалдау жоспар бойынша жүзеге асырылып жатыр.

«Қаңтар айының 11 күнінде 3,5 млн тонна қатты отын тиеліп, өткен жылдың ұқсас деңгейіне қарағанда өсім 1,2% құрады. Оның ішінде ЖЭО - ға 2,2 млн тонна жеткізіліп, көмір қорының ұлғаю үрдісі байқалуда. Әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау «ҚТЖ» ҰК» АҚ ерекше бақылауында», делінген хабарламада.

Компанияның мәлімдеуінге, күн сайын көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен жедел штаб кеңестері өткізіледі. Маңызды жүкті тасымалдау үшін жартылай вагондар жүк жөнелтушілердің өтінімдеріне сәйкес толық көлемде беріледі.


Jańalyqtar

MURAǴAT