ҚТЖ Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын 10,2 млрд теңгеге сатты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы «М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы» АҚ 10 250 999 999 теңгеге сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Самұрық-Қазына» АҚ-ның сайтына сілтеме жасап.

Электрондық аукцион www.gosreestr.kz алаңында өткен. Оған қатысушылардан 72,15 млн теңге кепілдік жарна талап етілген.

Жоғары оқу орны көлік-коммуникация кешені, оның ішінде теміржол (қалалық электр көлігі мен метрополитен) және автомобиль көлігі, ақпараттық технологиялар, қаржы-экономика салалары үшін маман даярлайды. Сатып алу-сату шартына сәйкес компанияның жаңа қожайыны оның жұмыс бағытын, активті сатып алған уақыттан бастап 5 жыл ішінде академиялық мамандардың санын сақтауы тиіс.

Еске сала кетсек, «Самұрық-Қазына» АҚ Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес 215 активті бәсекелестік ортаға шығарады.

 

Соңғы жаңалықтар