ҚТЖ-ға 900 млн теңге көлемінде шығын келтірген ЖШС ісі тергелуде

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚТЖ мен елордалық экономикалық тергеу департаменті бірлесіп заңсыз әрекеттердің жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ өтініші бойынша елордалық Экономикалық тергеу департаментінің сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде «Ас-Ай» ЖШС басшылығына қатысты алаяқтық жолымен ақша қаражатын ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелген.

Аталған ЖШС 2015-2018 жылдар аралығында ЖШС тарапынан төсек-орын жабдықтарымен жабдықтау бойынша нақты көрсетілмеген қызметтер үшін келтірілген шығын (жоғалған пайда) туралы жалған құжаттарды ұсына отырып, сот шешімі арқылы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-дан шамамен 900 млн. теңге мөлшерінде бюджет қаражатын өндіріп алған.

«Ас-Ай» ЖШС тарапынан заңсыз іс-қимылдар нәтижесінде Ұлттық тасымалдаушыға ірі шығын келтірілді.

ҚТЖ тарапынан атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша сот шешімдерінің бір бөлігі жойылды. Қалған сот шешімдеріне шағымдану жұмыстары жалғасуда. ЖШС-нің 2018-2020 жылдардағы Ұлттық тасымалдаушыға қатысты соңғы талаптары қанағаттандырусыз қалдырылды.

Құқық қорғау органдарымен бірлесіп ЖШС басшысын бюджет қаражатын ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар