ҚТЖ-да бірқатар кадрлық ауыс-түйістер болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстан Темір жолы» ҰК» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевтың 4 желтоқсандағы бұйрығымен жаңа орынбасарлар мен директорлар тағайындалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қанат Әлмағамбетов «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Серік Әбденов Басқарма төрағасының корпоративті мәселелер жөніндегі орынбасары, Даир Көшеров Басқарма төрағасының қаржы жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

Сондай-ақ Ардақ Мұқышев Құқықтық қамтамасыз ету және сот-айыптаулар жұмысы департаментінің директоры, Бауыржан Орынбасаров «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Магистральды желі дирекциясы» филиалының директоры - инфрақұрылым жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар