ҚТЖ бухгалтерлері жалақы есептеуде алаяқтық жасады деп күтіктелуде

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас көлік прокуратурасы «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» ЖШС Алматы бөлімшесінде аса ірі мөлшерде ақша қаражатын ұрлаудың қылмыстық жолын әшкереледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тергеу мәліметі бойынша, жалақыны есептеу үшін»SAP HRP«бағдарламасы мен кәсіпорынның Интернет-банкингі арасындағы интеграцияның болмауына байланысты алаяқтыққа жол берілген. Яғни бухгалтерия өз қалауынша қызметкерлерге жалақы бойынша қажетті цифрларды қойып отыруға мүмкіндік алған.

Төрт жыл ішінде артық төлемдер өздерінің сенімді адамдарының карточкаларына аударылып отырған. Өз кезегінде олар қолма-қол ақшаға айналдырып, ұйымдастырушыларға беріп келген.

Бүгінгі күні айыпталушы адам сотқа тартылды», - делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Мәлім етілгендей, бұл аталған кәсіпорында анықталған жалғыз алаяқтық фактісі емес.

«Аталған кәсіпорында 2023 жылдың қаңтарында осындай қылмыс арқылы 80 млн теңгеден астам ақша ұрлаған жетекші бухгалтер Ж.Құндақбаева сотталған болатын.

Жыл сайынғы аудиторлық тексерулер бұл кемшіліктерді анықтамаған. Оларға құқықтық баға беру үшін сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген мәліметте.

Сондай-ақ «SAP HRP» бухгалтерлік бағдарламасы «ҚТЖ»ҰК«АҚ-ның көптеген өзге де кәсіпорнында қолданылатыны анықталған.

«Көлік прокуратурасы мұндай ұрлыққа тосқауыл қою үшін ұлттық оператордың атына қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау, бухгалтерия қызметкерлерінің негізгі іс-әрекеттерін цифрландыру және осы саладағы жұмысты тиісінше ұйымдастырмағаны үшін кінәлі лауазымды адамдарды жауапқа тарту туралы ұсыныс енгізді», - делінген Бас көлік прокуратурасының сайтында.


Соңғы жаңалықтар